Ресей президенті Украинамен келіссөз жүргізу үшін Минскіге делегация жіберуге келісті

25 ақпан 2022, 21:16

Ресей президенті Украина тарапымен келіссөз жүргізу үшін Минскіге делегация жіберуге келісті. Бұл туралы Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, ресейлік делегация құрамында қорғаныс министрлігі, сыртқы істер министрлігі және Кремль әкімшілігінің өкілдері болады.

"Зеленский Украинаның бейтарап статусын талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Бастапқыда Ресей президенті Владимир Путин операцияның мақсаты ЛХР мен ДХР-ға көмектесу, соның ішінде Украинаны демилитаризация және денацификация жасау арқылы көмектесу екенін айтты. Ал бұл, шын мәнінде, бейтарап статустың ажырамас бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді ол.
Песков өз сөзінде Беларусь президенті Александр Лукашенконың Путинге Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер үшін және келіссөзге қатысушылардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасауға дайын екенін жеткізгенін де атап өтті.