Ресейдің әскери операциясы халықаралық келісімдерге қайшы

27 ақпан 2022, 20:55

Өзін-өзі жариялаған Луганск пен Донецк халықтары республикаларының егемендігін мойындағаннан кейін екі күн өткен соң, Владимир Путин алдымен олардың аумағына, одан кейін Украинаға әскерін кіргізе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іс-әрекетімен Ресей бірқатар халықаралық келісімшартты, яғни 1975 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша кеңестің қорытынды актісін, 1991 жылғы Алматы декларациясын, 1994 жылғы Будапешт меморандумын, 2003 жылғы Ресей мен Украина арасындағы екіжақты келісімді бұзды. Ресей қоғамы екіге бөлінді. Бір жартысы бейбіт тұрғындар жапа шегіп жатқан Украина соғысын тоқтатуды талап етуде. Ондаған академик, дәрігерлер, журналистер мен жазушылар әскери іс-қимылды тоқтату туралы петицияға қол қойды. Ал қалған жартысы НАТО-ның кеңеюі қаупі мен орыс тілді халықтың қауіпсіздігін қорғауға мәжбүр қылғандықтан әскери операция бастағанына сенімді. Дана Нұржан, тілші: – Украинаға әскер кіргізіп, ел аумағында оқ атқылап, шабуыл жасағаннан кейін Ресей халықаралық қауымдастықта аласталған мемлекетке айнала ма? Батыс ел экономикасын ондаған жылға кері құлдырататын санкциялар енгізуін жалғастырып жатыр. Бұл соғыстың салдары оңай болмайтыны анық. Анығы сол, Украинаның иә Ресейдің болсын, барлық сұмдықтың салдарын екі тараптың да қарапайым халқы тартпақ. Авторлары: Дана Нұржан, Назира Омарова, Шахзод Гамиров Осы категория бойынша: « Грузия халқы премьер-министрдің қызметтен кетуін талап етті Украинамен шекаралас облыстарында әуе қатынасына тыйым салынды – Ресей». 

«Хабар 24».