Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ресейлік депутат "соғыс" деген сөзі үшін Путиннің үстінен қылмыстық іс қозғауды сұрады

23 желтоқсан 2022, 12:43

Санкт-Петербургтің "Смольнинское" муниципалитетінің муниципалды депутаты Никита Юферев  Ресей армиясы туралы "жалған" ақпарат таратқаны үшін Ресей президенті Владимир Путиннің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етіп, Бас прокуратура мен ІІМ-ге жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


Никита Юферев Владимир Путиннің 22 желтоқсанда Мәскеуде Кремль пулы үшін өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзін тексеруді сұрайды, президент сол сөзінде "соғыс" сөзін қолданған.

"Біздің мақсатымыз – бұл әскери қақтығыстың мәнін бұрмалау емес, керісінше, бұл соғысты аяқтау, біз соған ұмтыламыз", — деді ол.


Депутат соғыс туралы осындай сөздер үшін бірнеше мың адам сотталғанын еске салды.