Саяси сахна

Ресейлік дипломат Тоқаев қытай тілінің арқасында қандай ерлік жасағанын айтты

  • Ресейлік дипломат Тоқаев қытай тілінің арқасында қандай ерлік жасағанын айтты

    Ресейлік дипломат Тоқаев қытай тілінің арқасында қандай ерлік жасағанын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев отыз жыл бұрын аудармашы ретінде Горбачевпен бірге Қытайға барып, екі елді елдестіруге үлес қосқан.


Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың отыз жыл бұрын Қытай мен КСРО арасындағы салқындықты жойып, тараптардың табысуына септігін тигізгенін бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Көпке беймәлім оқиға жайлы Sputnik Қазақстанға белгілі ресейлік дипломат Евгений Бажанов айтып берді.


Дипломаттың айтуынша, 1989 жылдың маусымында бас хатшы Михаил Горбачев Қытай мен КСРО арасындағы қарым-қатынасты жолға қою үшін Бейжіңге жол тартады. Тоқаевтың қытай тілін жақсы меңгергені соншалық, Горбачевтің аудармашыларының арасында ол да болған.


"Біздің арамызда бірнеше ондаған жыл бойы текетірес болды. Сондықтан тараптардың татуласуы әр аударылған сөзге байланысты еді. Ақыры оған да қол жеткіздік, Тоқаев өз міндетін абыроймен орындап шықты", - деп еске алды Бажанов.


Евгений Бажанов пен Қасым-Жомарт Тоқаев қырық жылдай дос. Ресейлік дипломат сыртқы саясатта Тоқаевтай білімі мен тәжірибесі мол басқа адамды танымайтынын айтады.


Бұдан бөлек, ол Тоқаевқа мансап жолында ілгерілеуге қытай тілі қалай көмектескенін әңгімелеп берді.


Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның сол кездегі премьер-министрі Сергей Терещенко Қытайға ресми сапармен бармақшы болып, аудармашы іздеген екен. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев аудармашы ретінде үкімет басшысымен еріп барған.


"Тоқаев Қазақстан премьеріне ұнап қалды. Осыдан кейін ол бірден сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Кейін сыртқы істер министрі, премьер-министр, парламент сенатының төрағасы, БҰҰ-ның Женевадағы бас хатшысының орынбасары және тағы басқа лауазымды атқарды. Таңғажайып карьера жасады", - деп санамалап берді Бажанов.




Көрілген: 1767    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 12:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 11:04
    Путин Зеленский жайлы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31