Саяси сахна

Рымашевский: Шовинизм рухы Ресейді апатқа ұрындырады...

  • Рымашевский: Шовинизм рухы Ресейді апатқа ұрындырады...

    Рымашевский: Шовинизм рухы Ресейді апатқа ұрындырады...

Геосаяси мәселе мәселелер ушыққан 2014 жылы Ресей саясаткерлері мен қоғам белсенділері тарапынан Қазақстан тәуелсіздігіне қол сұғушы мәлімдемелер көп жасалды. Мұндай теріс үрдіс, өкінішке қарай, Жаңа жылда да жалғасын тауып жатыр. Бұл жолы «Спутник и погром» интернет басылымының білдей бас редакторы Украинамен қатар Беларусь Республикасын, Қазақстанды да басып алу керек деп шала бүлініпті.


«Большевиктер құрған жасанды мемлекеттер – Украинаны, Белоруссияны, Қазақстанды басып алу керек» деп ұрандаған орыс басылымы редакторы Егор Просвирниннің мақаласындағы ақылға қонымсыз, өп-өтірік басқа да шатпақтарын тілге тиек етудің өзі ұят.

Қалай дегенмен де бірінен соң бірі кеп төпеп жатқан санкциялар орыстың шовинистеріне сабақ болмағаны өкінішті-ақ.

Саясаттанушы Уәлихан Төлешов «көрші елде бүгінімен емес, өткенімен өмір сүретін жандар барына бой үйрете беруіміз керек, яғни ондай ақылы кем адамдардың мәлімдемесіне мән бермеуіміз тиіс» дейді.


– Бұл – көрші мемлекеттердің арасына от салу, туысқан халықты араздастыру тұрғысындағы мәлімдеме. Сондықтан мұндайларды Ресей заңы тезге салуы керек. Бірақ Ресей билігі мен қоғамының рухани жұтаңдағаны соншалықты ондайларды орнына қойғысы да келмейді. Алайда қазақ - сабырлы да салиқалы, ақылды да парасатты халық. Біз өзіміздің мүддемізді жұмыс істетуге тырысуымыз шарт. 1 қаңтарда іске қосылған Еуразиялық экономикалық одақты Қазақстан батыстың стандартына сай өркениетті жолмен жетілдіргісі келеді. Міне, осы мақсаттан таймай, біз Ресейдің осы талаптарға сай болуына қол жеткізуіміз керек. Ол әбден мүмкін нәрсе. Өйткені қазір Ресей қоғамы, саясаткерлері күшке салып, өткенін көксеп әбүйір таппайтынын жақсы түсініп отыр. Бір құлап, одан сабақ алып, өмірді жаңаша түзуге бет бұруына Ресейдің қауқары жетеді деп санаймын, – дейді ол.


Саясаттанушы Кеңес Сманов «қазір Ресейде боп жатқан оқиғалар Қызыл Кремлдің саясатын түбегейлі өзгертуі әбден мүмкін, мұндайда шовинистік, басқыншылық идеямен сусындап қалғандар оған барынша жол бергісі келмей, тыраштанады, бұл – соның бір көрінісі» деп ойлайды.


«Батыс санкцияларынан зардап шеккен Ресей алдағы дамуда Еуразиялық экономикалық одаққа толықтай иек артамын десе, онда осыған дейін жүргізіп келген саясатын қайта қарастыруы керек болады. Ал саясатын өзгерткісі келмесе, онда бұл одақтан Мәскеуге еш пайда болмайды. Міне, елінің осындай таңдау алдында тұрғанын сезген қоғам белсенділері «Ұлы Русь» деген басқыншылық идеяның жойылуына наразы екенін білдіріп қап жатқан секілді», - дейді ол.


Сөз етіп отырған мақаламен танысқан беларусь саясаткері Виталий Рымашевский жергілікті басылымға берген сұхбатында: «Ресейдің шовинизм рухына бөленген бүгінгі өмірі бұл мемлекетті және оның халқын үлкен апатқа апарып ұрындырады. Оларға өзгеретін уақыт әлдеқашан жеткен, осыны мойындауы керек. Әйтпесе арты жақсы болмайды» деп пікір білдіріпті.


Расында, Ресейдегі бүгінгі экономикалық және саяси ахуалдарды зерделеп көрсек, орыстар бықсытқан шатпағына өздері белшесінен батып қап жатқанының куәсі боп отырмыз. Бірақ қазақтың досқа да дұшпанға да қысылып, қарманғанда қол созатын адамшылық қасиеті


Кәмшат Сатиева




Көрілген: 1446    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.01.2015, 11:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30