Саяси сахна

"Самырұқ-Қазына" қорының жаңа басшысы тағайындалды

  • "Самырұқ-Қазына" қорының жаңа басшысы тағайындалды

Алмасадам Сәтқалиев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" қорының ұжымына жаңа басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті таныстырды, деп хабарлады үкімет басшысының сайты.
Ол қордың бұрынғы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және Тәуелсіздік жылдары түрлі мемлекеттік лауазымдардағы тиімді жұмысы үшін алғыс айтты.

Асқар Мамин қордың жаңа басшысы Алмасадам Сәтқалиевті таныстыра отырып, оның энергетика саласындағы және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ"АҚ жүйесіндегі үлкен жұмыс тәжірибесін атап айтты. 

"ҚР Тұңғыш Президенті  – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының алдында маңызы үлкен міндеттер қойып отыр. Бұл еліміздің инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриалдық дамуын қамтамасыз ету арқылы, сонымен қатар, отын-энергетика кешенін дамыту, инвестицияларды тарту және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету арқылы ұлттық экономиканың одан әрі тұрақты дамуына жағдай жасау", — деді Асқар Мамин.

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "механик, қолданбалы математик" мамандығы бойынша, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі.

1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы" АҚ-да менеджер, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы, басқарушы директор, экономика жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары "KEGOC"электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания"АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті лауазымдарын атқарды.

2006-2007 жылдары "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі"АҚ-ның электр энергетика активтерін басқару жөніндегі директоры болды.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2008-2009 жылдары – "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ бірінші вице-президенті, 2009-2011 жылдары –  "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ президенті. 2011 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды, 2011-2018 жылдары – "Самұрық-Энерго" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ"АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 12:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31