Сапарбаев: Кейінгі кезде ата-аналардың балалары алдындағы жауапкершілігі нашарлап кеткен

03 қараша 2019, 09:41

Жұмыс сапарымен Ақтөбеге келген Бердібек Сапарбаев қала тұрғындары мен қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Үкімет басшысының орынбасары бала тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігіне көңіл аударуды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте
"Тәртіп болуы үшін қоғам мен билік жұмыс істеуі керек. Біздің міндетіміз - спорт, шығармашылықпен айналысу үшін жастарға жағдай жасау. Қазір мұғалім мәртебесі жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр. Өкінішке орай, кейінгі кезде ата-аналардың балалары алдындағы жауапкершілігі нашарлап кеткен.
Ол жөнінде талай айтқанбыз. Қызының, ұлының түнде қайда жүргенін, қашан үйге келгенін білмейді. Сондықтан біз ата-аналардың да жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ең негізгісі бірігіп жұмыс жасауымыз керек. Сол кезде тәрбие де, тәлім де болады", - деді Бердібек Сапарбаев.

Өңірге үкімет басшысымен бірге білім, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі және ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық, мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері келді.