Саяси сахна

Сапарбаев Тоқаевпен өткен кездесуде жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету жайлы айтты

  • Сапарбаев Тоқаевпен өткен кездесуде жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету жайлы айтты

    Сапарбаев Тоқаевпен өткен кездесуде жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсету жайлы айтты


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорда-ғасілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.



 


 

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте


Мемлекет басшысына еліміздегі "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан көмектер бойынша және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздықпен күрес туралы баяндалды.


Министр кәсіп ашуға гранттар, шағын несиелер берілетінін, мамандығы жоқ азаматтарды қайта оқытып, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы жылына орта есеппен 370 мың жаңа жұмыс орнын ашу  жоспарланғаны туралы мәлімет берді.


Б.Сапарбаевтың айтуынша, алдағы үш жылда кемінде 1 млн. 100 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Сонымен қатар, елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғау жөніндегі ұлттық жоспардың дайындалып жатқандығын, ішкі және сыртқы көші-қон саясатының жүзеге асырылуын жеткізді. 


Қасым-Жомарт Тоқаев халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның сапалы жүзеге асырылуы маңызды екеніне тоқталып, әсіресе аз қамтылған көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жұмыссыздық деңгейін 4,5%-тен асырмау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдаудың маңыздылығын айтты.


Мемлекет басшысы әлеуметтік бағдарламалардың уақытылы және сапалы атқарылуына байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.






Көрілген: 868    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 22:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31