Сарапшы: «Билеуші партия» ұғымы жойылуы керек

28 қаңтар 2022, 20:12

Бүгінгі съезде Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының құрылымын өзгертетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Соның бірі партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымын алып тастап, орнына атқарушы хатшыны тағайындау. Сарапшылардың пайдауынша, бұл орталықтандырылған билікті әртараптандыруға зор ықпал етпек. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің төрағалық қызметте қалу мәселесі жыл соңына қарай қайта қаралуы мүмкін екенін де жасырмады.

Қазбек Майгельдинов, саясаттанушы: – Президенттің басты меңзегені менің ойымша, бүгінгі таңдағы Қазақстандағы плюрализм, оның ішінде көппартиялық жүйені дамыту. Егер алдағы күндері «Нұр-Отан» партиясының төрағасы Президент болмайтын болса, оның басқа партияларымен мүмкіндіктері теңесе түседі. Өйткені Президент бар партия ол билеуші партия деген ұғым пайда болды. Енді бұл билеуші партия емес, басқа партиялардың бірі болады. Басқа партиялар да осы мүмкіндікті пайдаланып, өзінің электоратын жинауға басымдықтар пайда болуы мүмкін.