Саяси сахна

Сарапшылар: Қазақтанда шенеуніктерді жемқор ететін тойымсыз әйелдері

  • Сарапшылар: Қазақтанда шенеуніктерді жемқор ететін тойымсыз әйелдері

    Сарапшылар: Қазақтанда шенеуніктерді жемқор ететін тойымсыз әйелдері

Бәріне әйелдер кінәлі! "Ері елдің қамымен жүргенде әйелдер өз қамына кіреседі" деген болжам рас па? Шенеуніктердің жемқор атануына бірден-бір себепкер әйелі, дейді психологтер. Ал сыбайлас жемсқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі бұл пікірді жоққа шығармайды.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Бүгінде әлеуметтік желі тек пікір білдіру алаңына ғана емес, шенеуніктердің әйелдерінің үлде мен бүлдеге оранған, жарқыраған өмірін паш ететін алаңға да айналды. Олар қымбат көліктерін, шетелге саяхаттарын, гауһар таспен безендірілген бұйымдарын әлемжеліге жүктеп қана қоймай, күйеулері берген сыйлықтарын да дүйім елге паш етуде. Ал психологтер дәл осы қылығымен олар күйеулерінің пара алуына түрткі болады дейді.

«Жастар бәскені жақсы көреді. Бір отбасы шетелге барып жатса, қара, ал біз бармай жатырмыз дегендей. Қазіргі таңда әр отбасыда белгілі 2-3 баладан кем. Олардың әйелдері жұмыс істемеуі мүмкін. Белгілі ұйымдастырушы, итермелеуші құрылғы ма? Отбасыға қасындағы жары, туыстары, әсер етуі мүмкні. Саналы түрде емес», - деді психолог Гүлбану Үмбетжанова.

Психолог Гүлбану Үмбетжанованың пікірін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоққа шығармайды. Біреуі тойып секірсе, біреуі тоңып секіреді дейді Расул Медетов.

«Бұл белгілі бір дәрежеде отбасы мүшелерінің, сол мемлекеттік қызметішінің айналасындағы достарының, белгілі бір моральдық тұрғыдан сыбайлас жемқорлық фактілеріне септігін тигізеді деген. Осындай теаориялар бар. Ең көбі негізінде әкімшіліктерде. Өйткені сол салада әкімшіліктерде қаражаттың көп бөлігі шоғырланады. Одан бөлек ішкі істер органдары келтіріп жатады», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің директоры Расул Медетов. 

Одан бөлек, шенеуніктердің әйелдері бизнестерін дөңгелеткені де анықталды. Күні кеше Атырау облысында 184 шенеуніктің жұбайы кәсіпкерлікпен айналысқаны белгілі болды. Бірақ заң бойынша олар кәсіпкерлікпен айналыса алады. Дегенмен...

«Оларға қатысты ешқандай шек жоқ. Кәсіпкеркелікпен айналыса алады. Салық департаментінің әйелдері бизнеспен айналысатыны анықталды. Заң бұзушылық емес, бірақ ескерту қойылды», - деді Расул Медетов. 

Қоғам белсендісі Айша Құрманғали әйелдер ер азаматтардың артық қадам жасауына, заңбұзушылыққа баруына ықпал ететінін жасырмайды. Өйткені әйел адамның қызығушылығы, құрбылармен бәскелестігі жолдасына талап қоюына түрткі болады.  

«Әсіресе басшылардың әйелдері қымбат тон, көлік, әшекей тағуға құштар болып кетті. Дегенмен әйел қанағатшыл болса, ер адамдардың жемқорлыққа баруына асыра сілтеп, ықпал етпес етер еді. Әйел ойлау керек. Табысты қайдан тауып жатқанына бәріне назар аударып бір мезгіл ойлану керек», - деді журналист Айша Құрманғали.

Қысқасы, әйел заты ер азаматының абыройын ойлауы тиіс. Ашкөздіккке, бәскелестікке бой ұрса, оның түбі жақсылыққа алып бармайды дейді сарапшылар.

stan.kz




Көрілген: 787    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.10.2020, 21:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31