Саяси сахна

"Сатып алған үйі де тексеріледі": Шенеунік пен оның отбасындағылардың ақшалай операциялары бақылауға алынбақ

  • "Сатып алған үйі де тексеріледі": Шенеунік пен оның отбасындағылардың ақшалай операциялары бақылауға алынбақ

Енді лауазымды қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің қаржылық операциялары ғана емес, сатып алған үйлері де тексерілмек. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 50 миллион теңгеден асса жеткілікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Осындай өзгеріс енгізілген заң жобасын Мәжіліс қарап жатыр. Бұған дейінгі заңда 200 милллионның үйін алғандар ғана қосымша тексерілген екен. Енді ол сома төрт есе төмендетіліп отыр. Өйткені заңсыз жолмен табылған қаржы көбіне осы жылжымайтын мүлік арқылы ізін жоғалтады екен. Ал лауазымды қызметкерлер санатына мемлекеттіктен бастап, квазисектордағы басшылардың бәрі жатады. Олардан бөлек, басшылардың әйелі, балалары 50 миллионның үйін алған жағдайда ақшаның заңды жолмен келгенін дәлелдеуі тиіс.

 Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің нәтижесінде 500-ге тарта лауазымды қызметкердің 58 елдің банктерінде шоты бары анықталған.

Қалталы шенеуніктердің көбі ақшасын Ресей, АҚШ пен Швейцария банктерінде сақтайды екен.  

“Ақшамен және басқа мүлікпен жасалатын операциялар бойынша мониторинг жүргізілетін адамдар тізімін Президент бекітеді. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының жеке тізімін жасайды. Яғни еліміздің шенеуніктері мен олардың туыстары қаржылық мониторинг субъектілерінен тиісті қызметтерді алғаннан кейін, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік қызметкерлерге қосымша тексеруден өтеді.

Мұндай тізімге мемлекет және үкімет басшылары, Үкіметтің аға қызметкерлері, сот және әскери қызметкерлер, көрнекті саяси қайраткерлер, сондай-ақ мемлекеттік корпорациялардың басшылары енгізілген. Арасында саяси партиялардың қоғамдық тұлғалары да бар”, – дейді мәжіліс депутаты Сергей Симонов. 

Ал олардың жақын туыстарының қатарына "Неке және отбасы туралы" кодекске сәйкес, ата-ана, бала, аға-іні, апа-сіңлі, ата, әже, немере кіреді.

Stan.kz




Көрілген: 726    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.09.2021, 23:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31