Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сауд Арабиясында әйелдер көлік жүргізгені үшін айыпталады

01 маусым 2011, 12:40

Көлік жүргізгені үшін 21 мамыр күні қамауға алынған Сауд Арабиясының әйел азаматы кеше босатылды. Ақпарат көздеріне сүйенсек, ол бұл әрекетке әдейі барған.
Нәзік жандыларға көлік айдауға тыйым салатын ереже дүниежүзінде тек Сауд Ара­бия­сында ғана бар дейді құқық қорғау­­шылар. Дегенмен ол – заңды негізде емес, діни және қоғамдық ережелер түрінде қалыптасқан тәртіп. Сауд Арабиясының белсенді азаматтары мен құқық қорғау ұйымдары осы ережеге қарсы шерулер мен акцияларды жиі ұйымдастырып тұра­ды. 32 жастағы Манал әл-Шериф әйел өзі­нің көлік жүргізіп жатқанын бейнекамераға  түсіріп, ғаламторға таратты. Көп ұзамай осы зиянсыз бейнежазба қоғамда дау шығарып, ол қамауға алынды.
Осыны естіген жергілікті және халық­аралық құқық қорғау ұйымдары ғаламтор мен бұқаралық ақпарат құралдары арқы­лы Сауд Арабиясының үкіметіне жолдау жа­зып, үлкен науқан ұйымдастырған бола­тын. Қоғамда пайда болған шиеленіс пен үкі­метке деген қысым нәтижесінде әйел­ді бо­сатуға мәжбүрледі.