Сайлаушыларға сыйлық үлестіруге бюджеттен ақша қарастырылмаған – комиссия

05 маусым 2022, 20:44

Алматыда кейбір референдум учаскелерінде алғашқы сайлаушыларға сыйлық берілді. Бұл туралы аумақтық комиссия төрағасы Жанна Асанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер брифинг барысында референдум учаскесіндегі комиссия мүшелері сайлаушыларға сыйлықты қайдан алды деген сауалға жауап берді. «Сыйлыққа республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Ереже бойынша сайлау учаскелерінде кәдесыйлар, фирмалық шыныаяқ таратылды. Учаскелік комиссиялар мұндай заттармен қамтамасыз етілмеген. Мұны кәсіпкерлер демеуші ретінде, жеке ұйымдар өз өнімдерін жарнамалап ұсынуы мүмкін. Бұл оң үрдіс кеңес кезеңінен бері жалғасып келеді, әсіресе көптеген жастар үшін алғашқы сайлау мереке іспеттес. Алматының кейбір учаскелерінде сыйлық болғанын атап өткім келеді», - деді Жанна Асанова. Айта кетейік, бүған дейін тәуелсіз бақылаушы Мария Лобачева өзінің Facebook парақшасында референдумға қатысқан алғашқы дауыс берушілерге шапан, шәйнек, кружкалар, сағат пен тәттілер сыйға тартылғанын айтты.
ҚазАқпарат