Саяси сахна

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

  • Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

Семей қаласының әкімі болып Бақытжан Байахметов тағайындалды. Ол осыған дейін облыс әкімінің орынбасары лауазымында қызмет еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақытжан Кәкенқажыұлы 1970 жылдың 29 тамызында бұрынғы Семей облысы, Аягөз қаласында туған.

1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша, 2008 жылы Алматы Орталық Азия университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1992-1999 жылдары «Алтайэнерго» мекемесінде Аягөз электр торабының инженері ретінде бастап, 1999-2000 жылдары жергілікті автоматикалық релелік қорғау қызметінің бастығы болып тағайындалады. 
2000 жылы «ШҚ РЭК» жабық акционерлік қоғамның техникалық қамсыздандыру және релелік автоматикалық қорғау бөлімінің басшысы болып, 2000-2001 жылдары «ВК РЭК» жабық акционерлік қоғамның бас диспетчері болып жұмыс істеді. 
2001-2004 жылдары аудандық электр торабын да бөлім басшысы, торап бастығы қызметтерін атқарды. 2004 жылы «ШК РЭК» жабық акционерлік қоғамының Аягөз аймағының директоры болып тағайындалды. 
2004-2005 жылдары Бородулиха ауданының электр торабының бастығы болып қызмет ақтарды. 
2005-2008 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 
2008-2009 жылдары «Дана-Аягөз» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры ретінде жұмыс істеді. 
2009 жылғы ақпан айынан маусым айында дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігін де басқарма бастығы, бас сарапшы қызметтерін атқарды. 
2009 жылдың маусымында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас эксперті болып тағайындалды. 
2009 жылғы қазанынан бастап Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің басшысықызметіне ауысты. 
2010 жылдың қарашасынан Аягөз қаласының әкімі болып жұмыс істеді. 
2014 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың сәуірі аралығында Аягөз ауданын басқарды. 
2019 жылдың 18 сәуірінен осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

ҚазАқпарат.




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 12:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30