Саяси сахна

Семейде жаңа даңғылға Назарбаевтың есімі берілмек

  • Семейде жаңа даңғылға Назарбаевтың есімі берілмек

    Семейде жаңа даңғылға Назарбаевтың есімі берілмек

Семей қаласындағы Қарағайлы жаңа шағын ауданындағы даңғылға Тұңғыш Президенттің есімін берілмек, деп хабарлайды  ақпара Stan.kz т агенттігі.

19 наурызда Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен қалалық мәслихаттың сессиясы өтті. Отырыс барысында төрт мәселе қаралды – алғашқы үшеуі ведомствоаралық комиссиялардың құрамы туралы, төртіншісі – Қарағайлы жаңа шағын ауданындағы даңғылға Тұңғыш Президенттің есімін беру туралы.
Даңғыл Қарағайлы тұрғын ауданында орналасқан, Семей-Павлодар автожолынан бастау алады, онда сол жағында көпсалалы мәдени-спорт кешені, Назарбаев Зияткерлік мектебі, оң жағында көп пәтерлі тұрғын үйлер, балабақша орналасқан.

"Болашақта мұз кешенін, білім және технологиялар трансфері мектебін ашу жоспарлануда, бірнеше функционалдық аймақтар, серуендеу аймақтары, қоғамдық тамақтану пункттері, балалар ойын және спорт алаңдары бөлінеді. Көшелерді жарықтандыру, орындықтар, қоқыс жәшіктерін және шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған", - деді Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, даңғыл жаңа және атауы жоқ. "Қызыл" сызықтағы даңғылдың ені 40 метрді құрайды, бүгінде ұзындығы 950 метр. Құрылысты ескере отырып, даңғылдың ұзындығы екі шақырымнан асады.

Барлық мәселелер бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды.

Қарағайлы көшесіне есім беру туралы түпкілікті шешімді Республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды.




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 12:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31