Саяси сахна

Сенат жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібі бойынша өзгерістерді мақұлдады

  • Сенат жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібі бойынша өзгерістерді мақұлдады

    Сенат жылжымайтын мүлікті тіркеу тәртібі бойынша өзгерістерді мақұлдады

Аталмыш құжатта меншік иесіне қатысты жеңілдіктер қарастырылған

Жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімі сақталмаған жағдайда меншік иесі әкімшілік жауапқа тартылмайтын болады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұрлан Бекназаров айтты.

Жоғары палата депутаттары жылжымайтын мүліктерді тіркеу мәселесіне қатысты қолданыстағы заңға жаңа өзгерістер ұсынды.

«Заң жобасында көзделіп отырған өзгерістер мен толықтырулар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тетігін электрондық жүйесіне үйлестіріп, кейбір мүлікті тіркеу мерзімдеріне қатысты нормаларды жетілдіріп, тіркеу мерзімін сақтамаған жағдайда әкімшілік жауаптылықты алып тастауға, жылжымайтын меншік иелерінің (меншік иесі өз қалауы бойынша, апаттық жағдайдағы) бұзылған жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықты тоқтату тетіктерін бекітуге, соған байланысты мемлекеттік және жергілікті органдардың құзретін белгілеуге бағытталған», - деді сенатор.
Сондай-ақ, заң жобасында көзделген түзетулер уәкілетті ұйымдар мен тұлғаларға (екінші деңгейдегі банктер, әкімдіктер және т. б.) электрондық форматта мемлекеттік тіркеуге жіберуге мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар, уәкілетті органдар және заңда бекітілген ұйымдар мен тұлғалар (адвокаттар; құқық қорғау, сот органдары; сот орындаушылары; мемлекеттік кіріс органдары және басқа да мемлекеттік органдары; нотариустар, мұрагерлер; банкроттықты және оңалтуды басқарушылары, қорғаншылық және қамқоршылық органдары; құқық иесінің жазбаша келісімімен өзге де тұлғалар) құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпаратты және жеке немесе заңды тұлғаның өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректерді құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан алуға құқығы көзделген», - деді Нұрлан Бекназаров.
Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 12:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31