Сенат «кибербуллинг» туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

14 сәуір 2022, 11:30

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заң жобасы қоғамда белсенді түрде талқыланғанын атап өтті.

Сенат "кибербуллинг туралы" заң жобасын Мәжіліске қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін Сенат отырысында депутаттар жұртшылықты алаңдатып отырған "кибербуллинг туралы" заң жобасын қарады. Оның қорытындысы бойынша құжатты Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл заң жобасы қоғамда белсенді түрде талқыланғанын атап өтті. Балаларды қорғау туралы нормаларды іске асыру жөнінде азаматтық белсенділер түрлі ұсыныстар айтып, заң жобасында ұсынылған ережелерді мұқият зерделеді және келіп түскен өтініштерді ескере отырып, оның бірқатар баптарын қайта қарауды ұсынды.