Сенатор Ольга Булавкина шекара маңындағы ауылдарға көмек көрсету көлемін арттыруды ұсынды

13 қаңтар 2022, 15:03

Сенатор Ольга Булавкина шекара маңындағы аумақтарды дамыту мәселелерін атап өтті. Қазір Қазақстанға "қайғылы қаңтар"оқиғасын ескере отырып, бұл мәселелерді шешу өте маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Спутник Қазақстанға сілтеме жасап.
“Шекара маңы аумақтарында 1,5 миллион адам тұрады және бұл көрсеткіш жылдан жылға азаюда. Бұған бірден-бір себеп агроөнеркәсіп кешенінің дамымауы, балабақша мен мектептердің жабылуы, кәсіпкерлік әлеуеттің, инфрақұрылым мен тұрғын үйдің болмауы. Еңбек күші артық өңірлердегі қандастарымызды тарту мен халықтың өзге өңірлерге қоныс аударуын азайту үшін тұрғын үй сатып алуға субсидияларды ұлғайту мен материалдық көмек мөлшерін отбасы мүшелері санына шаққанда 30-38 АЕК-ке дейін өсіру керек”,- деп мәлімдеді депутат. 

Сонымен қатар, Булавкина жұмыс берушілерге жаңа тұрғын үй салу және қолданыстағы ғимараттарды қоныс аударушыларға арналған тұрғын үй ретінде қайта құру шығындарын өтеуді, сондай-ақ ауыл кәсіпкерлеріне шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесу үшін арнайы салық жеңілдіктері мен преференцияларды қолдануды ұсынды