Саяси сахна

Сенатта қашықтан жұмыс істеу туралы заң жобасы қаралды

  • Сенатта қашықтан жұмыс істеу туралы заң жобасы қаралды

    Сенатта қашықтан жұмыс істеу туралы заң жобасы қаралды

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді. 

Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы болып, онда сенаторлар Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарады.

Заң жобасы қашықтан жұмыс істеу түрін құқықтық реттеуге бағытталған. Осы құжатты қабылдағаннан кейін қызметкерлер жұмыс берушімен келісім бойынша қашықтан жұмыс істей алады. Жұмыс беруші қашықтан жұмыс істеуді немесе аралас қашықтан жұмыс істеуді төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай, карантин жарияланған кезеңде және басқа да жағдайларда уақытша белгілеуге құқылы.

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау – заң жобасының негізгі міндеттерінің бірі. Атап айтқанда, жұмыс беруші қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерін қажетті жабдықтармен, ақпараттандыру объектілерімен, байланыс қызметтерімен және басқа құралдармен қамтамасыз етуге міндетті деп жазылған. Ал қашықтан жұмыс істеу кезіндегі жалақы еңбек шартында көрсетілген жұмыс көлемін орындау кезінде толық мөлшерде төленуі керек.




Көрілген: 602    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 12:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30