Саяси сахна

Шетелде қызмет еткен дипломаттар президент сайлауына түсе ала ма?

  • Шетелде қызмет еткен дипломаттар президент сайлауына түсе ала ма?

    Шетелде қызмет еткен дипломаттар президент сайлауына түсе ала ма?

Мәжіліс вице-спикері Тоқаевтың шетелдегі қызметі сайлауға түсуіне кедергі бола ма деген сұраққа жауап берді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелде қызмет еткені президенттікке үміткер болуына кедергі болмайды. Бұл туралы әділет вице-министрі Наталья Пан мен мәжіліс вице-спикері Гүлмира Исимбаева айтты.

Президенттікке үміткер 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын, жоғары білімі бар азамат болуы шарт. Мемлекет басшысы Тоқаев 2011-2013 жылдары БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ Еуропалық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.


"Бұл қызметіне байланысты болды. Қазақстан Республикасы қызмет бабымен жібергендіктен, кандидатурасын ұсынуға кедергі бола алмайды", - деді әділет вице-министрі Наталья Пан сәрсенбі күні тілшілерге.


Президент сайлауына кім түсе алмайды?


Осы жайтты мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исимбаева толығырақ түсіндіріп өтті.


"Заң бойынша Тоқаев та басқа дипломаттар сияқты сайлауға қатыса алады. Себебі ел аумағынан тысқары қызмет ету жұмыс сапары болып саналғандықтан, шетелде жұмыс істеуге жатпайды. Дипломаттардың бәрі басқа елде белгілі бір мерзімде жұмыс сапарында жүр. Сондықтан заң бойынша ешқандай кедергі жоқ", - дейді мәжіліс вице-спикері.


Айта кетсек, кеше 9 сәуір күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы қазақстандықтарға үндеу жариялап, президенттің кезектен тыс сайлауы 9 маусымда өтетінін мәлімдеді. 




Көрілген: 1439    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 14:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31