Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шығыстанушылар араб әлеміндегі оқиғаларды талқылады

14 сәуір 2011, 12:59

Кеше әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына және еліміздің Ислам конференциясы ұйымына төрағалығына арналған «Араб тілі және мәдениеті күндері» іс-шарасы қорытындыланды.
Апталықтың соңғы күні Қазақстандағы Мысыр елшілігінің мәдени және білім істері жөніндегі атташесі, Мысыр мәдени орталы­ғы­ның директоры Субхи ас-Сухейми мыр­заның және отандық шығыстанушы, саясат­танушы ғалымдардың қатысуымен «Қа­зіргі араб әлеміндегі саяси ахуал» тақы­ры­бына арналған дөңгелек үстел ұйым­дас­тырылды. Еліміздегі белді арабтанушы ма­м­андар мен саяси сарапшылар араб әлеміндегі соңғы оқиғаларға байланысты көзқарастарын білдірді. Алдымен сөз алған саясаттану­шы Әзімбай Ғали: «Ливия, Мы­сырдағы оқи­ға­лар өршіп тұрғанда еліміз­дегі ақпарат құ­рал­дары «осы оқиғалар­дың Қазақстанда қай­талануы мүмкін бе» деген сауалын қой­ған болатын. Мен және осы жерде отырған арабтанушы мамандардың көпшілігі араб әлеміндегі келеңсіздіктердің Қазақстан­да қайталанбайтынын ескерткен болатын­быз. Себебі еліміздегі ахуалды араб мем­лекеттерімен салыстыруға келмейді», – деді. Сарапшылар Мысырдағы жағдайға елдегі жұмыссыздық деңгейінің 25 пайыз­дан асуы, Ливиядағы соғыс өртінің өршуіне ішкі қайшылықтар, оның ішінде арзан жұ­мыс­қа үндістер мен пәкістан­дықтардың, орта жұ­мысқа көршілес мемлекеттер азамат­тарының, жалақысы жоғары қызмет­терге немістер мен италиялықтардың шо­ғыр­лануы қарапайым ливиялықтарды ең­бек рыногынан ығыстырып тастауы, Тунис, Алжирдегі толқуларға әлеуметтік шие­ле­ніс­тер мен идеологиялық дискурс­тар­дың то­зуы ықпал етті деп ой қорытты. Сту­денттер мен ұстаздар өздерін қызықтырған сауал­да­рына жауап алды. Болашақ мамандар араб елдерінің саясатынан гөрі, мәдениеті, тілі мен дініне қызығатындықтарын біл­дірді.