Саяси сахна

ШЫҰ саммиті: қай елдерге диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі

  • ШЫҰ саммиті: қай елдерге диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі

    ШЫҰ саммиті: қай елдерге диалог бойынша серіктес мәртебесі беріледі

Уақыт өте келе ШЫҰ-ға Ауғанстан мүше болып, ұйым "Ондыққа" айналады деген болжам бар

Азия және Азиядағы проблемалармен азиялықтар ғана және Еуразиядағы держава ретінде Ресей айналысуы керек. Сыртқы күштің құрлық ісіне араласуға құқығы жоқ. Ал даулы мәселелерді өңірдегі мемлекеттер өзара шешеді, деп жазды РИА Новости.

20 жыл бұрын құрылып, қазір Душанбеде саммит өткізіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының мақсаты мен көздегені де осы. ШЫҰ-ның биылғы саммиті екі жылдан кейін мемлекет басшылары бетпе-бет кездесетін орынға айналуы керек еді. Бірақ карантин шектеулері саммитті аралас режимде өткізуге мәжбүрледі: қонақтардың басым бөлігі Душанбеде жиналса, Владимир Путин, Си Цзиньпин мен Нарендра Моди видеобайланыс арқылы қосылады.


Алайда бұл саммит маңыздылығын төмендетпейтіні анық. Душанбеге Николай Патрушев, Сергей Лавров пен Сергей Шойгу ұшып келгенін ескерсек, саммит тарихтағы ең маңызды іс-шараға айналғалы тұр. 

АҚШ Ауғанстаннан кеткеннен кейін өңір істеріне тікелей араласу кезеңі аяқталды деуге болады. Енді ШЫҰ осы мәселелерге толығымен жауапты болады. Бұл ұйымға мүше барлық тараптың көңілінен шығып отыр. Өйткені ауған жері мен өңірдегі шетелдік әскери базалар тақырыбы ұйым құрылған шақтан бері күн тәртібіндегі ең өзекті мәселеге айналған болатын.

ШЫҰ америкалық іс-әрекеттерге жауап беру үшін құрылған жоқ: 2001 жылдың маусымында негізі қаланғанмен, оның тарихы Қытай, Тәжікстан, Ресей, Қазақстан мен Қырғызстан бар "Шанхай бестігі" құрылған 1996 жылдан бастау алып отыр. 2001 жылы "Бестік" ұйымы Өзбекстанды мүше етіп, "Алтылыққа" дейін кеңейді де, қарым-қатынасты келісім түрінде рәсімдеді. Ұйым кейіннен басқа державалардың назарын өзіне аударды. Бірақ орыс-қытай альянсы кеңеюге асықпады. Сондықтан бірнеше мемлекет бақылаушы мәртебесіне ие болып, "диалог бойынша әріптеске" айналды.

Әйтсе де 2000 жылдың ортасына қарай Шығыс пен Батыс арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп, ушыға бастаған шақта ғана ШЫҰ кеңеюді қолға алды: 2015 жылы Үндістан мен Пәкістанды ұйымның толыққанды мүшесі етіп қабылдау рәсімі басталды да, екі жылдан кейін "Алтылық" "Сегіздікке" айналды. Ал қазір Иранды қабылдау аясында ұйым "Тоғыздықтың" қарсаңында тұр. Иран президенті Ибрахим Раиси үшін Душанбе саммиті халықаралық дебют болмақ. Уақыт өте келе ШЫҰ-ға Ауғанстан мүше болып, ұйым "Ондыққа" айналады деген үміт бар.


Бірақ қазір бұл мемлекет Душанбедегі саммитте нақты таныстырылмайды. Себебі ауған жеріндегі тәлібтердің уақытша үкіметін ШЫҰ елдері әлі мойындаған жоқ. Алайда жаңа билікті жақын уақытта көрші мемлекеттер мойындайтын сыңайлы. Түрікменстаннан басқасының барлығы ШЫҰ-ға мүше екенін ұмытпаған дұрыс. Сондықтан дәл осы ШЫҰ Ауғанстанға қатысты саясатты дайындау мен жаңа ауған билігінің сырт әлеммен диалогын реттеуде шешуші рөл атқарады. 

Қазір ШЫҰ-ға бақылаушы болып отырған Ауғанстан уақыт өте келе ұйымға мүше болуы керек. Себебі осы жолдағы негізгі кедергі – шетелдік оккупация жойылды. Оның үстіне тәлібтер іргелес жатқан елдерге қауіп төндірмейтінін бірнеше рет мәлімдеді. Сондықтан қазір Ауғанстанның өзінде азаматтық соғыс басталмайтынына көз жеткізу маңызды. Көз жеткізумен қатар, сыртқы күштердің ауған жеріндегі азаматтық соғысқа себепші болуына жол бермеу керек. Айта кетсек, көрші мемлекеттің ешқайсысы ауған жерінде қақтығыс болғанын қаламайды. Сол себепті соғысқа мүдделі күштерді мұхиттың арғы жағынан іздеген абзал.

Өңірдегі мемлекеттердің ұстанымдарында даулы мәселелер бар екені рас. Осы түйінді сындарлы диалог арқылы шешу үшін ШЫҰ-ның қажет екені айтпаса да түсінікті болар. Ұйым әскери блок болмағанымен, оны геосаяси альянс деп атауға әбден болады. Ол орталықазиялық емес, ендігі жерде паназиялық альянсқа айналды. Ұйымға Иран мүше болғаннан кейін оның аумағы Араб әлемінен Қиыр Шығысқа дейін созылып, Азияның үштен екі бөлігін алады да, Жер халқының жартысына жуығын қамтиды.

Бүкіл Азияда ШЫҰ-ға мүше емес, бірақ онымен іргелес екі маңызды өңір қалып отыр: бұл Араб әлемі (Солтүстік Африкаға да қатысты) мен АСЕАН-ға біріккен Оңтүстік-Шығыс Азия. ШЫҰ олармен де қарым-қатынасты реттеуде: бақылаушы рөліне Вьетнаммен қатар Сирия, Мысыр, Катар және Сауд Арабиясы сынды бірқатар араб мемлекеті қызығушылық танытып отыр. Душанбе саммитінде аталған соңғы үш мемлекетке ең алдымен диалог бойынша серіктес статусы беріледі. 

Әрине ұйымға мүше мемлекеттер саны артқан сайын оның күрделі мәселені шеше алмайтын альянсқа айналу қаупі бар. Бірақ ШЫҰ территориялық экспансияға да, әскери альянсқа да ұмтылмайды. ШЫҰ – Азия мемлекеттерінің күштерімен Азиядағы мүдделерді келісуге және қақтығыстарды шешуге бағытталған тәуелсіз державалардың геосаяси диалог форматы.

Ұйымға қатысушылар арасындағы қайшылықтар қаншалықты үлкен болса да, әркез өзара тиімді шешімді табуға болады. Ол үшін басқа құрлықтағы шет күштердің ықпал етуіне жол бермеу керек.

Алғашқы 20 жыл бойы ШЫҰ бастапқы жолды жүріп өтті. Енді атлантикалық ғасыр аяқталған шақта ұйым Азия тағдыры үшін басым жауапкершілікті өз мойнына алуы керек.

*Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым

sputnik.kz/




Көрілген: 625    Пікірлер: 0

жұма, 17.09.2021, 09:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31