Саяси сахна

СҚО-да ауыл әкімінің орнына орта есеппен 3 адам таласады

  • СҚО-да ауыл әкімінің орнына орта есеппен 3 адам таласады

    СҚО-да ауыл әкімінің орнына орта есеппен 3 адам таласады

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің сайлауына 237 адам тіркелді, оның 163-і - өзін-өзі ұсынғандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша, ауыл әкімдерінің сайлауына түсуге 237 кандидат тіркелсе, соның 74-і саяси партиялардан, 163 адам – өзін-өзі ұсынушы. Бір орынға шамамен 3 адам таласпақ. Қызылжар ауданы Бугровое ауылдық округінде 5 кандидат тіркелді, 61 сайлау округінде - 3, 9 округте 4 кандидаттан бар. «237 кандидаттың құжаттары уәкілетті органдармен заңдылыққа тексерілді, олардың 223-інің құжаттары сәйкес келеді. Тексерістің қорытындысы бойынша 14 кандидатқа әрі қарай сайлауға қатысуға рұқсат берілмеді. Жалпы 237 кандидаттың 70-і – әйел, бұл барлық кандидаттардың 29,5 %-ы. 110 кандидат – мемлекеттік қызметші, соның ішінде 43-і ауыл әкімі болып жұмыс істейді. 13-і – коммерциялық құрылымның өкілі, 88-і – бюджеттік ұйымның қызметкерлері, 6-уы – уақытша жұмыс істемейді», - дейді Тілеген Қаскин. Кандидаттардың біреуі - «Болашақтың» түлегі. Сондай-ақ кандидаттардың ішінде экономистер, заңгерлер, ұстаздар, ауыл шаруашылығы қызметкерлері бар. Сайланушылардың орташа жасы – 41. Ең жасы – 27-де болса, ең ересегі – 62-де. «Бір кандидат өз еркімен құжаттарын алды. Өңірде екі кандидаттан аз ауылдық округ жоқ. Әлі кандидаттар тіркеліп жатыр. Бұл процесс 14 шілде, сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Тіркеу аяқталғаннан кейін кандидаттар үгіт-насихат жұмысын бастайды. Ол 24 шілдеге дейін жалғасады. Бұл мақсатқа аудандық маңыздағы қала әкіміне кандидатқа – 230 мың теңге, ауылдық округ әкіміне карндидатқа 220 мың теңге беріледі», - дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

ҚазАқпарат




Көрілген: 826    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.07.2021, 15:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30