Саяси сахна

СІМ: Этникалық қазақтардың кейбірі Ауғанстаннан кетуге құлқы жоқ

  • СІМ: Этникалық қазақтардың кейбірі Ауғанстаннан кетуге құлқы жоқ

    СІМ: Этникалық қазақтардың кейбірі Ауғанстаннан кетуге құлқы жоқ

Ауғанстанда этникалық қазақтарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, алайда олардың барлығы бірдей елден кеткісі келмейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі.

“Олардың пікірін ескеру қажет. Олар эвакуацияланғысы келе ме, жоқ па. Себебі кейбіреулерінің оған құлқысы жоқ екені белгілі болды. Олар басқалар сияқты, қазір бәрін зерттеп, күтіп жатыр. Эвакуациялауға жеткілікті адамдар жиналды деген белгі берілген соң тиісті шешім қабылданады. Бұл мәселе мемлекет басшысының бақылауында”, – деді Ақан Рахметуллин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

БҰҰ миссиясы не үшін Алматыға орналастырылғаны айтылды 


Мемлекет басшысы СІМ-ге Ауғанстандағы этникалық қазақтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, қазір Ауғанстанда этникалық қазақтардың 13 отбасы тұрады.

“Олар бүкіл елге, негізінен Солтүстік провинцияларға таралған. Елшілік олармен үнемі байланыста. Сондай-ақ, топтың белсенді өкілі олармен елшілікпен байланыста”, – деді Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Қазақстан елшісінің Ауғанстандағы Талибандармен келісімге келгені туралы айтқан еді.




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

жұма, 20.08.2021, 18:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31