Саяси сахна

СІМ Қазақстан биологиялық қару әзірлейді деген ақпаратқа түсініктеме берді

  • СІМ Қазақстан биологиялық қару әзірлейді деген ақпаратқа түсініктеме берді

    СІМ Қазақстан биологиялық қару әзірлейді деген ақпаратқа түсініктеме берді

Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстандағы биологиялық бағыттағы зертханалардың қызметіне қатысты жалған ақпарат жарияланған

Қазақстанда биологиялық қару әзірленіп жатқан жоқ, басқа мемлекеттерге қарсы зерттеулер жүргізілмейді, деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі.

Сыртқы істер министрлігі "шетелдік және отандық БАҚ-та Қазақстандағы биологиялық бағыттағы зертханалардың қызметіне қатысты жалған ақпараттың таралуы жиілеп кетуіне байланысты" түсініктеме берді.

"Қазақстанда биологиялық қаруға қатысты ешқандай жұмыстар жүргізілмейтінін, басқа мемлекеттерге қарсы зерттеулер жүргізілмейтінін жауапкершілікпен мәлімдейміз", - делінген хабарламада.


Орталық референттік зертхана немен айналысады?

1948 жылы Қазақстанда Орта Азиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты құрылған болатын.

Қазір бұл - Алматы қаласындағы М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы.

"М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы жанынан орталық референттік зертхананы салу биологиялық қауіпсіздікті, ұлттық ғылыми және өндірістік әлеуетті нығайтудың басты құралдарының бірі болды", - деп хабарлады министрлік.

Зертхана Қазақстан мен АҚШ арасындағы жаппай қырып-жою қаруының инфрақұрылымын жою туралы келісім аясында ашылды.

"Қаржыландыру Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украинада жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға елеулі үлес қосқан Нанна-Лугара бағдарламасы бойынша АҚШ қорғаныс министрлігі арқылы жүргізілді", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Зертхана - екінші және үшінші деңгейдегі биоқауіпсіздік сақталған 4 қабатты ғимарат.

"Зертхана Қазақстан Республикасына тиесілі және қазіргі уақытта тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Онда тек отандық мамандар жұмыс істейді", - деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі.
Зертхана жүргізетін кез келген жұмыс денсаулық сақтау, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы министрліктерінің бақылауында. Оның қызметі Қазақстандағы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

"Мұндай жоғары технологиялық объектілердің болуы мемлекеттің даму деңгейін және оның биологиялық қатерлерге жедел ден қою қабілетін көрсетеді. Қазір денсаулық сақтау жүйесі COVID-19 індетіне қарсы күреске жұмылдырылған кезде, зертхана аурудың таралу қарқынын төмендетуге өзінің маңызды үлесін қосуда. Зертханада жаңа инфекцияны анықтау үшін отандық тест-жүйелер әзірленді", - делінген хабарламада.

 

Қазақстан жаппай қырып-жою қаруына қарсы


Қазақстан биологиялық қауіптердің трансшекаралық сипатын ескере отырып, халықаралық ынтымақтастыққа, оның ішінде орталық референттік зертхана базасында ықпалдасуға дайын, дейді министрліктегілер.

"Бактериологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияның шеңберінде биологиялық қызметті верификациялау және мониторингілеу жөніндегі заңнамалық міндеттеуші құжатты қабылдауға дәйекті түрде атсалысудамыз", - деп мәлімдеді СІМ.
Кез келген биологиялық қауіп әлемге тез таралуы мүмкін жаһандану жағдайында ашық және сындарлы мемлекетаралық өзара іс-қимыл жауапты әрекеттің нормасына айналуы тиіс, деп түйіндеді сыртқы істер министрлігі.




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 15:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30