Саяси сахна

Соғыс қаупі төнді ме: Ауғанстан мен Тәжікстан шекараға қарулы әскерлерін жинай бастады

  • Соғыс қаупі төнді ме: Ауғанстан мен Тәжікстан шекараға қарулы әскерлерін жинай бастады

    Соғыс қаупі төнді ме: Ауғанстан мен Тәжікстан шекараға қарулы әскерлерін жинай бастады

Ауғанстан мен Тәжікстан елдері шекараға қарулы әскерлерін жинай бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында Ресей сыртқы істер министрлігі мәлім етті. Атап айтқанда, Тәжікстанмен шекаралас Тахар аумағына арнайы бөлімшелердің ондаған мың сарбаздары жиналып бара жатқаны айтылады. Министрлік Душанбе мен Кабулды жағдайды шешудің бейбіт жолдарын табуға шақырды.

 
"Біз екі ел басшыларының өзара қатаң мәлімдемелері аясында тәжік-ауған қарым-қатынасындағы шиеленістің өсуін алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Ортақ шекараға екі жақтың қарулы күштерін орналастырып жатқаны туралы хабарлар келді. Тәліптердің мәліметінше, Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясының өзінде арнайы күштердің ондаған мың бөлімі орналастырылған", – деді Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Алексей Зайцев.

Зайцев сонымен қатар Кабул мен Душанбе бір-біріне қарсы қатал мәлімдемелер жасап жатқанын да атап өтті. 

Бұған дейін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) үкіметін адам құқықтарын бұзды деп айыптап, оны мойындаудан бас тартқан болатын. Ал тәліптердің басшылығы бұған тез жауап беріп, Тәжікстанның Ауғанстанның ішкі ісіне араласпауын талап етті.




Көрілген: 827    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 13:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31