Сыртқы істер министрі алдағы сайлауға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстандағы саяси жағдай тыныш әрі наразылық білдірудің алғышарттары жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік журналистермен кездесу кезінде айтты.
 
"Шынында да, алдағы парламенттік сайлаудың тыныш, қалыпты әрі тұрақты жағдайда өтуі өте маңызды. Біз қандай да бір үлкен наразылық болады деп болжамаймыз. Ал наразылық үшін ішкі және сыртқы жағдайда негізгі факторлар қажет. Ішкі факторлар &ndash бұл елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Біз қазір оны тұрақты деп санаймыз. Үкімет өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды", &ndash деді Тілеуберді Қазақстан астанасында ресейлік журналистермен өткен кездесуінде.
 
Сондай-ақ, ол "сыртқы факторда сырттан әсер етудің бар-жоғы өте маңызды" деп атап өтті.
 
Министр Қазақстанның барлық елдермен және серіктестермен көпвекторлы саясат құрғанын баса айтты.
 
"Менің ойымша, біздің кез-келген серіктестеріміз, кез-келген шетелдік мемлекет Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға мүдделі емес", &ndash деді Тілеуберді.
 
Қазақстан мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Парламенттің төменгі палатасындағы 98 орынға бес партияның өкілдері таласады.