Саяси сахна

Талғат Ешенқұлов БҒМ бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

  • Талғат Ешенқұлов БҒМ бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

    Талғат Ешенқұлов БҒМ бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Талғат Ешенқұлов БҒМ бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.


"ҚР Білім және ғылыми министрінің бұйрығымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада. Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін үздік, 2010 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған. Экономика және юриспруденция салаларындағы маман біліктілігіне, сондай-ақ "Мемлекеттік және жергілікті басқару" бейіні бойынша PhD докторы дәрежесіне ие. Мемлекеттік басқару және білім беру жүйесін дамыту саласында 2 оқу құралы мен 19 ғылыми мақаланың тең авторы. 2006-2012 жылдары Индиана университететінде (АҚШ), Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде, Дьюк Университетінің Сэндфорд мемлекеттік саясат мектебінде (АҚШ), Голландия мемлекеттік басқару институтында (Гаага, Нидерланды), Оңтүстік Кореядағы Мемлекеттік аудит институтында мемлекетік басқару және аудит мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларынан өткен. Еңбек жолын 2000 жылы сот жүйесі органдарында бастаған. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі басқарушылық қызметтер атқарған. 2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысындағы Балалар құқықтарын қорғау департаментін басқарған. 2016 жылы шілдеде Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 07.03.2018 жылдан 13.09.2018 жыл аралығында негізгі қызметкердерің әлеуметтік демалысы кезінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарды. 2018 жылғы 14 қыркүйектен бастап Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі қызметінде болды.

 




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 11:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30