Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Таңғы бесте 55 мың адам жорыққа аттанды

06 маусым 2011, 18:14

Кеше Үкiметте БАҚ үшiн рекордтық селекторлық кеңес болды. Артық-кемi жоқ, тура бiр минут. Қазақ тiлiне «төбесiнен» қарайтын Статистика агенттiгiнiң «төбесi тесiк» төрайымы Анар Мешiмбаева санақшылардың таң құланиектенгеннен атқа қонғанын мәлiм еттi. «Таңғы сағат сегiзден 55 мың санақшы өз мiндеттерiне кiрiстi. Барлық аймақтарда дайындық жұмыстары тамамдалды. 10 күн бойғы аралау жұмыстарының жоспар кестесi бекiтiлдi. Ынта танытқан органдармен және адамдармен бiрiгiп жұмыс iстеймiз деп үмiттенiп отырмыз», – дедi төрайым. Әрi қарай селекторлық кеңес жабық есiктiң арғы жағында өттi.
«Уызға жарымай қалған» журналистер селекторлық отырыстан кейiн Анар Мешiмбаеваның өзiн дәлiзде ұстап алып, санақты санатты түрде түсiндiруiн талап еттi. Оның айтуынша, санақ арқылы қарапайым халық үнi жете бермейтiн биiктегiлерге – билiкке бас қайғысын жеткiзе алады. «Бүгiннен бастап және санақ өтiп жатқан 10 күн iшiнде елiмiздiң бұқара тұрғындары жеке бастарындағы барлық проблемаларын «галочка» арқылы санақ парақшаларында көрсете алады», – дейдi Анар ханым. Онысы жақсы екен, бiрақ жеке бастың барлық проблемасы жалғыз ғана «галочкаға» сыя қояр ма? Әй қайдам...
Жалпыұлттық санақтың сауалнама парағына 45 сұрақ енгiзiлген. Он жыл бұрынғы тұңғыш Ұлттық санағымызда ол парақша 20 сұрақпен ғана шектелген болатын. Бланкке демографиялық сұрақтардан басқа, санаққа тiркелетiндердiң дiни сенiмi, компьютерлiк сауаты, табысы, кәсiбi, бiлiм деңгейi, пәтер, үй жағдайы, күнелту үшiн қажеттi кiрiс көздерi сынды бiрқатар әлеуметтiк мәселелердiң де шоғын үрлейтiн сұрақтар енген. Соған қарағанда, билiктiң әлеуметтiң жағдайына алаңдаулы екенi байқалады. Онысы көңiл көншiтерлiк дедiк.
Санақты өткiзуге бюджеттен 6 миллиард теңге бөлiнген. «Бұл – Статистика агенттiгi бюджетiнiң 20 пайызына жуық сома», – дейдi Статистика агенттiгi төрағасының орынбасары Нұрман Баянов.
58 мыңнан асатын санақшының бас-басына орта есеппен 78 пәтерден келедi. Сонда шамамен, әрбiр санақшы он күн iшiнде 290 адамнан тiркемек. Көк бөкебай тағынып, көкала дорба асынған, арнайы куәлiгi бар санақшылардың жүрiп-тұру жолақысы да тегiн қарастырылған екен. Тiптi парақшаларды да толтыруға арнайы Халық санағының белгiсi бар көк қалам ұстатқан. Ал есiгiн құлыптап алып, ештеңенi естiмейтiндердi үйiнен шығару үшiн ысқырғыш берген. Ымырт түсiп кеткен жағдайда, жол тауып жүре алу үшiн жарық түсiрушi құралдар да берiлген.
Санақ тек қана Қазақстан аумағындағы ғана емес, шетелде тұрып жатқан отандастарымызды да қоса қамтиды. Бiр ерекшелiгi, олардың санағы 3 қаңтарда басталып кеткен. Алла бұйыртса, 1 наурызда аяқталмақ.

P.S.
Бұл – Тәуелсiздiк алғалы өткiзiлiп отырған екiншi санақ. 1999 жылы да санақ 25 ақпанда басталған. Бiрақ мерзiмi биылғыдан екi күн бұрын бiткен. Ол кездегi тiркелген халық саны – 14,953 миллион болған. Бiрақ бұл көрсеткiш сол кезде көңiлге қаяу түсiрген едi. Олай дейтiн себебiмiз, 1989 жылы Бүкiлодақтық санақтан «тәуелсiздiктiң» нәтижесi 7,7 пайызға қысқарып қалған. Ол кезде бiздiң санымыз 16,199 миллион адам болған. Биылғы Ұлттық санақ санымыздың да, сапамыздың да өскенiн көрсетсе игi...