Тарихи таңдау жасауға шақырамын - Президент

03 маусым 2022, 16:36

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды референдумға қатысып, тарихи таңдау жасауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың даусы маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлт тағдырына, яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық. Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық", - деді Президент үндеуінде. 

Tengrinews.kz