Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тәуелсіздіктің 20 жылы Түркияда сараланды

03 маусым 2011, 11:21

Қазақстанның Түркиядағы елшілі­гінің ұйымдастыруымен Ыстамбұл қаласында ел Тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастардың 20 жыл­дығына арналған конференция өтті. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қыз­меті мәлімдеді.
Конференцияға Түркияның мемлекеттік ор­гандарының, қоғамдық және ғылыми-ака­де­миялық топтарының, БАҚ өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Түркиядағы елші Жансейіт Түймебаев өз сөзінде Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет және басқа салалардағы жетістіктері, сондай-ақ Түркиямен стратегиялық әріп­тестік деңгейінде дамып отырған ынты­мақтастық туралы баяндады. Түркия өкіл­дері Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың басшылығымен қол жеткізілген Қазақ­станның саяси және әлеуметтік-эконо­мика­лық реформаларына кеңінен тоқталды. Жиынға қатысушылар Қазақстанның эко­но­микалық даму қарқынына, қоғамды демократиялау және қазіргі заманға сәйкестендіру үдерістеріне жоғары баға берді. Конференция аясында Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамыту мен ны­ғайтуға қосқан үлестері үшін Түркияның мем­лекеттік қайраткерлері мен іскер топта­ры­ның өкілдерін марапаттаудың салтанатты рәсімі ұй­ым­дастырылды. Олардың арасында Түр­кияның сегізінші Президенті марқұм Тұрғыт Өзал және оның жұбайы Семра Өзал, бұрынғы туризм министрі Бүлент Акарджы, «Түрік әуе жолдары» әуе компаниясы, «ТРТ» мемлекеттік телерадио ком­паниясы, Қазақстан-Түркия іскер адамда­ры қоғамының төрағасы Зеки Пилге және бас­қалары бар. Президент Тұрғыт Өзалдың ма­рапатын алған Семра Өзал Қазақстанға зор алғысын білдіріп, еліміздің жетістіктеріне назар аударды. Т.Өзал­дың көзі тірі болғанда Қа­зақ­станның дамуына және бауырлас екі ел ара­сындағы қарым-қатынастың қазіргі дең­гейіне риза болар еді деген пікір білдірді.