Саяси сахна

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шаралар қалай өтеді

  • Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шаралар қалай өтеді

    Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шаралар қалай өтеді

Іс-шаралар ұлттық мәдениетті ілгерілетуге, салт-дәстүрді жандандыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталады. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрліктің кеңейтілген отырысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қандай шаралар ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Мемлекет басшысы мерекелеу кезінде қарбалас пен ысырапшылдыққа жол бермеу керек екенін, әрбір іс-шара елге пайда әкелетін нақты қадамдармен байланысты болуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты мерекелеуге идеологиялық тұрғыдан келуіміз керек, мерейтойлық іс-шараларды мәдениет, архив, спорт және туризм инфрақұрылымын дамытуға бағытталады", - деді мәдениет министрі.

Айтуынша, іс-шаралар ұлттық мәдениетті ілгерілетуге, салт-дәстүрді жандандыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталады.

Сондай-ақ, 2021 жылы мемлекет басшыларының қатысуымен Түркітілдес елдердің Саммитін өткізу жоспарланған.

Ал наурызда алғыс айту күніне орай медицина қызметкерлеріне, ұстаздарға алғыс секілді ауқымды акция басталып, әрі қарай Наурыз мейрамы жалғасады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Ұлттық домбыра күні, Елорда күні, Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күніне арналған жыл бойы салтанатты шаралармен қатар мерекеленеді.




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 19:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30