Саяси сахна

Таулы Қарабах үшін тартыс

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Николь Пашинян 56-шы Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясы аясында ұйымдастырылған отырыста Таулы Қарабах тақырыбында пікірталас жүргізді.

 

Тарихта алғаш рет Әзірбайжан мен Армения басшылары қоғам алдында ашық пікірталас жасады.

 

Әлиев баяндамасында Таулы Қарабах Әзірбайжанның топырағы екенін және Әзірбайжан жерінің шекара тұтастығының халықаралық қоғам тарапынан танынғанын еске салды. Бүгін Әзірбайжан топырағының 20 пайызының Арменияның басқыншылығы астында екенін және 1 миллионнан астам Әзірбайжан азаматының қоныс аударғанын еске салған Әлиев Әзірбайжан халқына қарсы этникалық тазалау жасалғанын атап көрсетті.

 

Әлиев Ходжалыда 613 жазықсыз адамның армяндар тарапынан қырылғанын еске салып, "Халықаралық құқық тұрғысынан қарағанда Қарабах Әзірбайжан топырағы болып табылады. БҰҰ-ның армян әскерлерінің басқыншылықты жоюы керектігі жөнінде 4 қарары бар. Бұл қарарлар орындалмады. Шешім Әзірбайжан шекара тұтастығы негізге алынып қамтамасыз етілуге тиісті" деді.

 

Пашинян болса Ходжалы қырғынын мойындамады. Мәселенің бейбітшіл жолмен шешілу керектігін қолдаған Армения премьер-министр Таулық Қарабахта Армения армиясының емес, Қарабах армяндарының қарулы күштерінің бар екенін алға тартты. Дегенмен кейін өз баласының да Қарабахта майдан желісінде әскерлік қызметін атқарғанын білдірді.

 

 Вaq.kz




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.02.2020, 23:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30