Саяси сахна

Тимур Жақсылықов ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды

  • Тимур Жақсылықов ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды

    Тимур Жақсылықов ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды

ҚР үкіметінің қаулысымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тимур Жақсылықов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

 
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тарихшы мамандағы бойынша, Саяси зерттеулер институтын саяси ғылымдар және мемлекеттік басқару магистры, Қазақ экономика және қаржы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының 2-разрядты жұмысшысы болып бастаған.

1993-1997 жылдары &mdash Қазақстан агротехнологиялық университетінің атқарушы ректоры.

1997-1998 жылдары &mdash ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім басшысы. 

1998-2003 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеді. 

2003-2004 жылдары &mdash ҚР Индустрия және сауда министрлігінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі департаментінің директоры.

2004-2005 жылдары &mdash ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Женева қаласындағы тұрақты өкілдігінде бөлім басшысы &ndash ДСҰ мәселелері жөніндегі министрлік өкілдері тобының жетекшісі. 

2005 жылғы шілде-қараша аралығында &mdash ҚР Сыртқы істер министрлігінің Швейцария Конфедерациясындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы.

2005 жылғы қараша &ndash 2006 жылғы ақпан аралығында «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

2006 жылғы ақпан-қазан &mdash ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директорының м. а.

2006 жылғы қазан &ndash 2007 жылғы қыркүйек аралығында «Астананы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директоры қызметін атқарды. 

2007 жылғы қыркүйек &ndash 2008 жылғы сәуір аралығында &mdash Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры. 2008-2009 жылдары &mdash Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2009-2010 жылдары &mdash ҚР индустрия және сауда вице-министрі.  2010 жылғы сәуір-тамыз аралығында &mdash ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің комитет төрағасы. 

2010-2012 жылдары &mdash «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы. 

2012-2013 жылдары &mdash ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі. 

2013-2014 жылдары &mdash ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2014-2017 жылдары &mdash ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2017-2018 жылдары &mdash экономика және қаржы саясаты министрі, Еуразиялық экономикалық комиссия, Мәскеу қаласы.

2018 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін &mdash ҚР президентінің көмекшісі.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазірге дейін Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі лауазымын атқарды.




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 12:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30