"Тікелей қадағалап отыратын боламын": президент маңызды бағдарлама туралы айтты

29 қазан 2020, 19:26

Үкіметке ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп экспорттық әлеуеті бар салалар мен кәсіпорындарды анықтау тапсырылған. Президент агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша бағдарламалық құжаттың әзірленуін тікелей қадағалап отыратынын айтты.

"Бұл ретте шенеуніктердің де, кәсіпкерлердің де, сарапшылардың да пікірін тыңдаймын. Өйткені ауыл шаруашылығының әлеуетін көтеретін кез жетті. Олай болмаған жағдайда біздің экономикамыз үшін өкінішке ұрындыратын теріс салдар болуы мүмкін, &ndash деді президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезінде.
Оның айтуынша, алдымен, қолдау институттарын айқындап, дұрыс реттеу ортасын қалыптастыру керек.

Отандық өнім көлемін ұлғайту және қайта өңдеу өнеркәсібін қолдау мәселелері басты назарда бола бермек. Үкімет сатып алуды реттеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны өзектендіруді бастады.

Квазимемлекеттік секторды сатып алу жобасы бойынша жоба жүріп жатыр. Өңдеу өндірісіне шикізат жеткізу тетіктері әзірленуде. Отандық өнеркәсіп секторы үшін жаңа заңнамалық база дайындалып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық компанияларды белсенді түрде сыртқы нарыққа шығуға шақырды.

Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп экспорттық әлеуеті бар салалар мен кәсіпорындарды анықтау тапсырылған. Мұндай жобаларға қаржыландыру жеңілдігі, экспорттық қолдау тетіктері, заттай грант беру секілді кешенді қолдау шаралары көрсетіледі.

Қазақстан келер жылы шикізаттық емес экспорт көлемін 29 миллиард долларға дейін арттыруды көздеп отыр.