Саяси сахна

Тоғжанов: Барлық әлеуметтік міндеттеме уақытылы орындалады

  • © Photo : Служба центральных коммуникаций

    © Photo : Служба центральных коммуникаций

Бүгінгі таңда жұмыс орындарын сақтау және қызметкерлерге еңбекақыны уақытылы төлеу өте маңызды. Бұл туралы еліміздің батыс өңірлерінде жұмыс сапарымен жүрген премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

 

Жұмыс сапары барысында Ералы Тоғжанов бес өңірде облыс әкімдері мен мұнай-газ секторы өкілдерінің қатысуымен мұнай және мұнай газ саласындағы қызмет көрсету компанияларының проблемалық мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді, деп жазды primeminister.kz.

 

Кездесулерде әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсері, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

 

"Әлемдегі экономикалық жағдайды қиындататын ең үлкен мәселе – мұнай бағасының төмендеуі. Сонымен қатар, коронавирус індеті экономикаға кері әсерін тигізді. ОПЕК+ мүшелерінің келіспеушілігі мұнай бағасының 30% төмендеуіне әкелді. Болашақта экономикалық дамудың сценарийі және бюджет параметрлерінің есебі мұнайдың бір баррелі 20-40 доллар деңгейінде есептелуі мүмкін", - деді Ералы Тоғжанов.

 

Сонымен бірге, премьер-министрдің орынбасары жиналысқа қатысушыларды әлеуметтік тұрақтылық пен ұлт денсаулығы мәселелері ел президентінің тұрақты бақылауында екенін және үкімет қазірдің өзінде қажетті шараларды қабылдап жатқанын айтты.

 

"Біріншіден, барлық әлеуметтік міндеттеме уақытылы орындалады. Екіншіден, еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін елді мекендерді жөндеу және абаттандыру бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін арнайы жол картасы жасалып жатыр. Бұл ретте жұмыстан босатылатын жұмысшылар мен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді", - деп атап өтті ол.

 

Ералы Тоғжанов жергілікті билік органдары мен жұмыс берушілерді әр аймақта әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету шараларын күшейтуге шақырды.

 

"Өздеріңіз білесіздер, мұнай-газ саласы – ел экономикасының негізгі қозғаушы күші. Халықтың әл-ауқаты үшін ең бастысы – жұмыспен қамту. Сондықтан бүгінгі таңда жұмыс орындарын сақтау және қызметкерлерге еңбекақыны уақытылы төлеу өте маңызды", - деп түйіндеді Ералы Тоғжанов.

 

 

sputnik




Көрілген: 150    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 09:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30