Саяси сахна

Тоқаев АҚШ-тың арнаулы өкілімен өзекті мәселені талқылады

  • https://www.akorda.kz/

    https://www.akorda.kz/

Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады.

 

Кездесу барысында Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша Қазақстан мен Америка арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективалары, соның ішінде, АҚШ пен НАТО әскерлерінің осы елден шығарылу барысы қарастырылды. Сонымен қатар Ауғанстан мемлекетінің тұрақтылығы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын қайта қалпына келтіру жөніндегі екіжақты және көпжақты іс-қимылдарды үйлестіру мәселесі де сөз болды.

 

 

Қазақстан Президенті америкалық дипломатқа  ілтипат білдіріп, оның бұл сапарының елдеріміз арасындағы жоғары деңгейдегі диалогты сақтау тұрғысынан маңызы зор екеніне тоқталды.

 

– Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осы уақыт аралығында біз достыққа және өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастарды орната алдық. АҚШ – Қазақстаның сенімді серіктесі. Біздің әртүрлі бағыттар бойынша, соның ішінде, сауда және экономика салаларындағы белсенді ықпалдастығымыз жолға қойылған, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалды реттеу жөніндегі ынтымақтастықты Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара ықпалдастықтың маңызды бөлігі ретінде атап өтті. 

 

Президент Ауғанстанның, Ресейдің, Қытайдың, Орталық Азия мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен жүргізген келіссөздерінде ауған проблемасы үнемі назарда болатынын жеткізді.

 

Өз кезегінде Залмай Халилзад Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеке кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. АҚШ-тың арнаулы өкілі Қазақстан Президентінің Ауғанстандағы тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған халықаралық іс-қимылдарға қосқан үлесін жоғары бағалап, еліміздің Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықты сақтаудағы маңызды рөліне тоқталды. 

 

Әңгімелесу барысында Залмай Халилзад Ауғанстандағы қазіргі ахуалға баға беріп, ауғанаралық бейбіт процесті одан әрі дамытуға, ауған бағытындағы барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіруге қатысты АҚШ дипломатиясының ой-пікірін ортаға салды.

 

 

 

akorda.kz




Көрілген: 294    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 17:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31