Саяси сахна

Тоқаев Алматыда ағаш кескендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Бұл туралы ел президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы 2019 жылы 29 қазанда Алматыда қала проблемаларына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде мегаполистің экожүйесіне ұқыпты қараудың, шаһар тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдайлар жасаудың ерекше маңызды екенін мәлім еткен болатын", - деді ол.

 

 

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматылықтар қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданған еді.

 

Ағаштар Жароков пен Әуезов көшелерінің арасындағы Төле би көшесінің маңында кесілген. Желі қолданушылары ағаштың босап қалған орнын көрсетті. Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді. Анықталғандай, басқармасы ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.

 

 




Көрілген: 879    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 13:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31