Саяси сахна

Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

  • Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

    Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке еліміздегі заңдылықтардың сақталуы, құқықтық тәртіптің жағдайы және осы кезеңдегі прокуратура органдары жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмысқа қарсы күрес шаралары мен қылмыстық үдерістің үш буынды моделіне көшу жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды. Прокурорлар 360 мыңнан астам қаулы мен тергеу органдарының хаттамаларын тексерген. Нәтижесінде 3 мыңнан астам азамат негізсіз қылмыстық айыптың құрығынан құтқарылған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына қоғамның, азаматтардың және бизнестің мүдделерін қорғау жұмыстары жайында айтылды. Бас прокурордың айтуынша, жыл басынан бері қадағалау-бақылау органдары 100 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғап, мыңнан астам негізсіз тексерулердің жолын кескен.

Бұдан бөлек дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру, азаматтардың еңбек құқығы, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану, экология, халықты медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері үнемі прокуратураның назарында болады.

Президентке халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективалары, оның ішінде шетелдік әріптестермен бірлесіп жұмыс істеуге байланысты қол жеткізілген келісімдер туралы арнайы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев прокуратура органдарының тапсырмаларды орындау барысындағы жұмыстарына оң баға беріп, қоғам өмірінің барлық саласында заңдылықты одан ары қамтамасыз ету қажет екеніне баса мән берді.
ҚазАқпарат




Көрілген: 645    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 22:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31