Саяси сахна

Тоқаев биоқауіпсіздік агенттігін құруға байланысты ШЫҰ қолдауынан үмітті

  • Тоқаев биоқауіпсіздік агенттігін құруға байланысты ШЫҰ қолдауынан үмітті

    Тоқаев биоқауіпсіздік агенттігін құруға байланысты ШЫҰ қолдауынан үмітті

Экстермизм, терроризм, сепаратизм және рухани құндылықтардың девальвациясына қарсы іс-қимылда біздің халықтардың жасампаз әлеуетін жұмылдыру керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-на мүше елдерді биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру ісіне қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды Baq.kz.

"БҰҰ бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құруды ұсынған едім. ШЫҰ бойынша әріптестер тарапынан бұл мәселеде қолдау болатынына сенім артып отырмын", - деді Тоқаев.

Ол жаһандық қару-жарақтың өршуі биологиялық қаруды бақылау жүйесін іске қосу қажеттілігін өзекті етіп отырғанын атап өтті. Ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары биотерроризмнің қатеріне байланысты тәуекелдерді жақсы түсінетінін жеткізді.

Қазақстан Президенті ШЫҰ мемлекеттерінің бірігей мәдени мұрасын дамыту маңызды екенін атап өтті.

"Сондықтан біздің ұйым үшін мерейтойлық алдағы жылды ШЫҰ мәдениеті жылы деп жариялауды қолдаймын. Экстермизм, терроризм, сепаратизм және рухани құндылықтардың девальвациясына қарсы іс-қимылда біздің халықтардың жасампаз әлеуетін жұмылдыру керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Baq.kz.




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 19:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31