Саяси сахна

Тоқаев екі түрлі вакцина салдырмақ: Мамандар бірнеше екпе алудың қаншалықты дұрыс екенін айтты

  • Тоқаев екі түрлі вакцина салдырмақ: Мамандар бірнеше екпе алудың қаншалықты дұрыс екенін айтты

    Тоқаев екі түрлі вакцина салдырмақ: Мамандар бірнеше екпе алудың қаншалықты дұрыс екенін айтты

Қазақстандық мамандар коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптастыру үшін бірнеше вакцина салдырудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Sputnik V вакцинасын салдырды. Енді президент алдағы уақытта қазақстандық вакцинаны да салдыруды жоспарлап отырғанын жеткізген болатын. Осы мәселеге қатысты мамандар түсініктеме берді. 

 
"Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы" директорының орынбасары Манар Асырқызы коронавирустан қорғану үшін бірнеше вакцина салдырудың дұрыс емес екенін айтты. Оған қоса маман екі вакцина екі түрлі технология арқылы жасалатындығын алға тартты. 

"Егер бір вакцинамен бастасаңыз, нұсқау бойынша сол вакцинаның екінші дозасын салу керек. Басқа вакцина салдырған дұрыс емес. Өйткені екі вакцина екі түрлі технологиямен жасалған. Бір вакцинаны күтпей, қол жетімді вакцинаны қолданған жөн", - дейді маман. 

ҚР ДСМ-нің штаттан тыс инфекционист- дәрігері  Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы вакциналар әртүрлі болғанымен, барлығы антидене қалыптастыратынын айтты. 

"Вакцинаның барлығы адамның бойында вирусқа қарсы антидене қалыптастыру үшін салынады. Бірнеше вакцина салдыру міндетті емес", - дейді Бақыт Көшерова. 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 13:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31