Саяси сахна

Тоқаев: Екпеге қарсы адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінсін

  • Тоқаев: Екпеге қарсы адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінсін

    Тоқаев: Екпеге қарсы адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінсін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында еліміздің коронавирус дертімен қалай күресіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде. Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Қазір QazVac басқа елдерде де сұрансқа ие. Вакцина қоры жеткілікті. Азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп. Олар өздері ғана бас тартып қоймай, халықты кері үгіттеуде. Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда. Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуі тиіс. Сондықтан екпе алуға қарсы болып жүргендердің жетегінде кетпеген жөн”, – дейді мемлекет басшысы. 

Оның айтуынша, адамзат көптеген індетті, тек вакцинаның көмегімен жеңген. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керек. 

“Алдағы уақытта коронавирустың жаңа штаммдары пайда болуы мүмкін. Бұны сарапшылар айтуда. Біз оның қашан болатынын күтіп отыра алмаймыз. Осындай жағдайда одан әрі дамуға бейімделуіміз керек. Қазіргі таңда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген бүкіл вакциналарды тезірек сатып алуымыз керек. Денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алуға дайындаған жөн. Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құруымыз керек. Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған. Парламенттен осы заң жобасын сеесияның соңына дейін қабылдауды сұраймын.  вакциналарын сатып алу керек”,- дейді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы көптеген зертхананың халықаралық стандартқа сай емес екенін айтты. 

“Сол себепті “Дені сау ұлт” жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы технологиялық құралдармен жаңалауымыз керек. Медицина саласына қомақты қаржы құйылуы тиіс. Фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажет. Коронавирус кезінде дәл осы сала мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін маңызды екеніне көзімізді жеткізді. Сондықтан медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құруымыз керек. Біздегі дәрі-дәрмек пен мдициналық өнімнің 17 пайызы ғана отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет”,- дейді Тоқаев. 

 




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 12:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31