Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты отырыс өткізеді

18 шілде 2021, 09:48

Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы үкіметтің есебін тыңдайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты отырыс өткізеді. Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"19 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді. Жиынға премьер-министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады", - деп хабарлады Уәли.
Оның айтуынша, мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимылдар жоспары қабылданбақ.

Айта кетері, мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болды.