Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді

04 қаңтар 2022, 18:10

5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жария етті.

«Ертең, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді», - делінген хабарламада.