Тоқаев Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

07 маусым 2022, 17:50

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді. Осы аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды. Сондай-ақ, Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.
Президент Есеп комитетін жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.