Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасымен келіссөз жүргізді

10 қаңтар 2022, 20:40

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Шарлем Мишелмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Бүгін Еуропалық кеңес төрағасы Шарлем Мишелмен келіссөз жүргіздік. Екеуміз Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды сөз еттік. Біз мемлекетке төнген басқыншылық, агрессивті іс-әрекетке тап болдық, осыны шешу жолында тез конституциялық тәртіп пен заңды қалпына келтіру шараларын қабылдадық", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

 

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда террористік шабуыл дайындалғанын растайтын дәлелдерді әлемдік қоғамдастық сотына ұсынатынын айтқан болатын.