Саяси сахна

Тоқаев Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады

  • Тоқаев Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады

    Тоқаев Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Имон Гилмор мен Орталық Азия бойынша өкілі Тери Хакаланы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық аясындағы өзара іс-қимылдардың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланып, аймақтық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясына еліміздегі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы айтты.

Имон Гилмор Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында байланыстарды жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.
Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілінің айтуынша, Қазақстан Президентінің Брюссельге алдағы сапары екіжақты байланыстарды дамытуда маңызды кезең болады.

Еуропалық Одақ делегациясы БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем беру жөніндегі Миссиясының офисін Алматыға орналастыру және ауған студенттеріне көмек көрсету туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімін ерекше атап өтіп, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты Қазақстан Президентінің аймақтағы көшбасшылығын қолдады.

Имон Гилмор мен Тери Хакала Президентке ертең Алматы қаласында өтетін «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» азаматтық форумына Брюссельдің атынан қатысатынын жеткізді.
 

 aikyn.kz




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.10.2021, 14:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31