Саяси сахна

Тоқаев Германияға не үшін барғанын айтты

  • Тоқаев Германияға не үшін барғанын айтты

    Тоқаев Германияға не үшін барғанын айтты


Мемлекет басшысы Қазақстанда ірі жобаларға қатысатын неміс бизнесмендеріне жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді




Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапарының екінші күнінде Германия бизнесінің өкілдерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Қасым-Жомарт Тоқаев Volkswagen AG компаниясының сыртқы байланыстар жөніндегі бас директоры Йенс Ханефельдпен кездесіп, инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады.


"Мен Германияға екі ел арасындағы байланыстарға дәнекер болу үшін келдім. Бізге сіздердің инвестицияларыңыз бен бизнеске қатысуларыңыз қажет. Кеше Германия басшылығына біздің экономикамыздағы неміс инвесторларының  санын арттырғымыз келетінін ашық айттым", - деді Тоқаев.

Baumann Gmbh компаниясының бас директоры Роберт Бауманнмен кездесуде Алматы облысындағы агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу мәселелері талқыланды. Кәсіпкер Қазақстанда қой етін өндіру жұмыстарын қалай жолға қойғанын айтып, өз бизнесін одан әрі дамыту жөніндегі жоспарын ортаға салды.


Қазақстан президенті бұл жобаға оң бағасын беріп, мемлекеттік құрылымдардың жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.


"Қой санын жылына 750 мыңға жеткіземіз деген биік мақсат қойып отырсыздар. Мемлекет басшысы ретінде сіздің Қазақстандағы жобаңызға оң баға беремін. Сіздерді одан әрі өркендей беруге шақырамын. Туындауы мүмкін мәселелерді шешу үшін неміс бизнесімен ынтымақтастық орнату жөнінде жұмыс тобы құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары басқарады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі Deutsche Bahn AG компаниясының директоры Нико Варбаноффпен және инфрақұрылым жөніндегі басқарма мүшесі Рональд Пофаллмен әңгімелесу барысында көлік саласында ынтымақтастық орнату мәселесін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстандағы теміржол жолаушылар тасымалының сапасын тиісті деңгейге көтеру, инжинирингтік және консалтингтік қызметтер көрсету мәселелері қарастырылды.




 




sputniknews.kz




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

сенбі, 07.12.2019, 12:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31