Саяси сахна

Тоқаев Ирандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

  • Тоқаев Ирандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

    Тоқаев Ирандағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тегеран қаласы әуежайының маңында "Украина халықаралық әуежолы" компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан азаматтары қаза болған бірқатар мемлекет басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдаған.

Еске сала кетейік, бүгін 8 қаңтарда таңертең Украинаның Boeing 737 лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында апатқа ұшырады.

Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң құлаған.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің мәліметінше, ұшақтың бортында 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапқан.

Иранның ТЖ басқармасының басшысы ұшақ апатына байланысты біршама басқаша мәліметтер келтіріп өтті.

Айтуынша, ұшақ бортында 179 адам болған, оның 147-сі Иран азаматтары.

Сонымен қатар ұшақ апатына қатысты Украина Жоғарғы радасы пікір білдіріп, Иранның апаттың себептері жөнінде толық әрі шынайы жауап беруі маңызды екенін атап өткен.

Сондай-ақ, Тегерандағы ұшақ апатына байланысты МАУ әуе компаниясы арнайы брифинг өткізді.

Олар апаттан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, марқұмдардың туыстары мен жақындарына қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындарын жеткізді.

 

 




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 22:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30