Саяси сахна

Тоқаев жаңа жәрдемақы туралы заңға қол қойды

  • Тоқаев жаңа жәрдемақы туралы заңға қол қойды

    Тоқаев жаңа жәрдемақы туралы заңға қол қойды

Заңға сәйкес, Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізіледі, ал оны I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтар алады. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Заңға сәйкес, Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізіледі, ал оны I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтар алады.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов бүгінде бірінші топтағы 66 мың мүгедектің үштен біріне не күтім бойынша жәрдемақы, не жеке көмекшінің қызметі берілмейтінін айтқан болатын.

Олардың арасында комаға түскен науқастар, төсек тартып жатқан мүгедектер бар. Басқа адамның күтімін тұрақты қажет ететін 24 мың адам күтім жасау жәрдемақысымен қамтылады.

Заң сонымен қатар мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтайды.

Жаңа заңда қарастырылған өзгерістер туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.




Көрілген: 1699    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 01:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 11:04
    Тоқаев Алматыға келді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31